Шымкентте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды
Шымкентте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды
2,256
оқылды
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев бүгін қалада карантиндік шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды. Онда Шымкент қаласының барлық аумағында 18 сәуір күнгі сағат 00-00-ден бастап осы жылдың 1 мамыры күні сағат 17-00-ге дейін айырбастау пунктерінің, микрофинанстық ұйымдардың қызметін онлайн режиміне және «клиенттерге жеткізу» принціпіне көшіру арқылы тоқтату, қоғамдық көліктердің жұмысын тоқтату және карантиндік аумақтарды патрульдеу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, 65 жастан асқан азаматтар мен кәмелетке толмағандардың ересек адамдарсыз сыртқа шығуына тиым салынды.

Н. Назарбек.