Полиция формасын киіп, 13 адамды атып өлтірген
Полиция формасын киіп, 13 адамды атып өлтірген
Фото: Интернеттен алынды
318
оқылды
Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы атыстан алдын ала мәлімет бойынша шамамен 13 адам мерт болды. Оның ішінде біреуі – полиция қызметкері. ВВС-дің мәліметінше, тұрғындарға шабуылдаған адамды атып өлтірді. Куәгерлер оның полицияның формасын киіп, полицияныкіне ұқсайтын көлікпен жүргенін айтады. Атыс сенбі күні Портапик деген шағын қаладан басталған. Полиция оны тоқтақпақ болып, 12 сағат бойы арпалысқан. Жергілікті тұрғындарға ешқайда шықпау қажеттігі туралы ескертілген. Күдікті қаруымен Жаңа Шотландиядағы бірнеше елді мекенде болған. Сондықтан оның нақты қанша адамды өлтіргені әзірге белгісіз. Жергілікті полиция Twitter арқылы 51 жастағы Гэбриел Уортман атты азаматқа күдік келтіріліп отырғанын хабарлады. Ол полиция қызметкері емес, алайда полицияның киімін киіп, полиция қызметкерлері мінетін көлікке ұқсас көлікпен жүрген. Канаданың премьері мұны жантүршігерлік жағдай деп бағалады. Ал Жаңа Шотландия үкіметінің басшысы Стивен Макнил «Бұл біздің провинцияның тарихындағы ешқандай мән-мағынасы жоқ зорлық-зомбылық» деген баға берді. Канада полициясының басшысы Бренда Луцкий қарақшыны ұстау кезінде тәртіп сақшыларының онымен атысқанын хабарлады. Соған қарамастан, бұл жағдайға әзірге «террористік акті» деген баға берілген жоқ. Қылмыстық әрекеттің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция басшысының сөзінше, шабуылдаушының алдымен нақты жоспары болған, кейіннен ол бей-берекет әрекет ете бастаған.