Birgemiz қорына 10 миллион доллар түсті
Birgemiz қорына 10 миллион доллар түсті
229
оқылды
Бүгін Birgemiz қорына «Казцинк» ЖШС-нен 10 млн АҚШ доллары көлемінде қайырымдылық көмек келіп түсті. Бұл қаражат мұқтаж жандарға атаулы көмек ретінде беріледі, - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. "Коронавируспен күрес жағдайында мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған қайырымдылық көмек көрсеткені үшін компания басшылығына зор алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Елбасы қор тарапынан көрсетілетін көмектің екінші толқыны мамыр айында басталатынын атап өткен болатын.