Арман Шораев өкінетінін айтып, қолхатпен бостандыққа шықты
Арман Шораев өкінетінін айтып, қолхатпен бостандыққа шықты
© сурет интернеттен алынды
186
оқылды
Осыдан екі күн бұрын қамауға алынған қоғам қайраткері, танымал журналист Арман Шораев қолхатпен босатылды. Бұл туралы оның адвокаты Джохар Өтебеков өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Арман Шораев бостандықта! Біз ІІМ-нан шықтық, үйге бара жатырмыз. Бәрі жақсы. Арманды қолхатпен босатуға рұқсат алдық. Қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!, - деп жазды адвокат Джохар Өтебеков. Ал әпкесі Жанар Шораева өзінің парақшасында інісінің үндеуін жолдады. "Құрметті достар, маған тағылған айыптардың мәні бойынша мен мынаны түсіндіремін. Төтенше жағдай мен карантин кезінде мен расталмаған ақпаратты жариялағаныма өкінемін. Енді төтенше жағдай мен карантинді бұзбауға және тексерілмеген материалдарды жарияламауға тиіспін", - делінген үндеуінде. Еске салайық, Шораев 18 сәуір күні "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген айыппен ұсталған болатын.