Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады», – деп жазды.
Еске сала кетсек, Президент карантиннің жаңа талабы енгізілетінін мәлімдеген еді. «Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», – деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.