Ақмола облысында 100 жастағы қария коронавирустан сауығып шықты
Ақмола облысында 100 жастағы қария коронавирустан сауығып шықты
© inform.kz
141
оқылды
Аршалы аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне COVID-19 диагнозымен жатқызылған «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 27 қариясы жазылып шықты, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастарды емдеуде олардың бұрыннан ауырып келе жатқан жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі сияқты аурулары біраз кедергі келтірген. Бұл науқастардың көпшілігі қарттар,екінші топтағы мүгедектер, тоғызы төсекке танылғандар. Тағы екеуі өкпе қабынудың асқынған түрімен ауырғандықтан жағдайлары ауыр хәлде болды. «Біздің дәрігерлер науқастарға ерекше қамқорлықпен қарады. Олардың тез сауығып кетуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасады», - дейді жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігері Виктор Шалаев. Дәрігерлердің атап өтуінше, еліміздегі ең қарт науқас осы жылы 5 мамырда 100-ге толады. Ол осыдан бірнеше күн бұрын «коронавирус инфекциясының жеңіл түрі» диагнозымен ауруханаға жатқызылған болатын. Айта кетейік, бүгінгі күні Ақмола облысында 60 адам коронвирустен жазылып шықты. Тағы 8 науқасты алдағы күндері шығару жоспарланған.