Үш ел коронавирусты жеңіп шықты
Үш ел коронавирусты жеңіп шықты
© pixabay.com
149
оқылды
Әлемнің үш елі COVID-19-тың жаппай таралуын тоқтатты, енді олардың валютасы күшейіп келеді. Австралия, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Корея коронавирусты жеңіп шықты. Бұл туралы CNBC хабарлайды. Мамандардың айтуынша, бұл үш мемлекет індеттің таралуын барынша жылдам тоқтатып, соның арқасында мекемелер мен өндіріс орындарында жұмыс қайта жанданды. Енді олар инвесторлар үшін де тартымды, ал мұның өз кезегінде ұлттық валютаның нығаюына себебі мол. Одан қалды осы үш елдің басты серіктестерінің бірі саналатын Қытай да шектеулерді алып, қалыпты өмірге орала бастады. Бұған дейін Австралия мен Жаңа Зеландияда карантиндік шаралар алынғанын хабарлағанбыз. Қазіргі уақытта әлемде бұл індет анықталмаған ел жоқ. Вирус жұқтырғандар саны 3,1 миллионнан асса, 200 мыңнан астам адамның ажалына осы кесел себеп. Австралияда коронавирус жұқтырғандар саны – 6744, Жаңа Зеландияда − 1474, ал Оңтүстік Кореяда 10 752 адамға жеткен.