Уақыт талабымен үндес ұсыныс
Уақыт талабымен үндес ұсыныс
303
оқылды

Қазақстан перзидентіне кандидат Амангелді Таспиховтың Жамбыл облыстық аймақтық штабының жетекшісі М.Төлепберген облыстағы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының аудандық комитеттерінің төрағаларымен кездесті. Облыстағы ең ірі салалық кәсіподақ ұйымдары бұл сайлауға ұйымшылдықпен қатысуға ниетті.

М.Төлепберген Кәсіподақтар фе­де­рациясы ұсынған кандидаттың платфор­масы қоғам мен уақыт талабына үндес екенін атап өтті. Кәсіподақтар беделін көтеру үшін де кәсіподақтардың ауыз­бірлігі қажет екенін, сол мүмкіндіктің ке­лешектегі мәнін жан-жақты айтып берді. Өз кезегінде Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Е.Мағзым­беков әріптестерінің бұл сайлаудың қоғамдық-саяси мәнін терең түсінетінін, мемлекетшілдік қасиеттерімен және өздері белсенді мүшесі саналатын кә­сіподақ ұйымының мақсат-мүддесі тұрғысынан көрінетініне сенім білдірді.

Ал Шымкентте президенттікке кан­дидат А.Таспиховтың Түркістан облысы, Шымкент қаласы бойынша аймақтық қоғамдық штабы үміткерді қолдау мақсатында спартакиада ұйымдастырды. Шағын футбол, үстел теннисі және шахматтан өткен сайыста салалық кәсіподақтар мүшелері қызу тартысты ойын өрнегін көрсетті. Шағын футболдан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы командасы, үстел теннисінен – мемлекеттік қызмет және банк қызметкерлерінің салалық кә­сіподағы командасы, шахматтан – мәдениет және спорт, ақпарат қыз­меткерлерінен құралған команда жеңімпаз атанды.

Қызылорда қаласындағы Кә­сіп­одақтар үйінің мәжіліс залында Қы­зылорда облысы «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруа­шылығы қызметкерлерінің кәсіподағы» атқару комитетінің кеңесі өтіп, онда кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі, салалық кәсіподақ төрағасы Серік Мырзаханов кандидат тұғырнамасында көтерілген мәселелері туралы баяндады. Саланың кәсіподақ белсенділері, бастауыш ұйым төрағалары көтерілген еңбек қауіпсіздігі заңнамаларына қа­тыс­ты, кәсіподақтар жұмысының өзегі – еңбек құқына қатысты тұғырнаманың мазмұнымен толық келісетіндерін жеткізді.


Айдана БЕГІМ