10 өңірде ескерту жарияланды
10 өңірде ескерту жарияланды
© inform.kz
165
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты 30 сәуірде бірқатар өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан желі соғады, күші 15-20 м/с артады. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал. Шымкент қаласында түннің бірінші жартысында найзағай болжанады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, бұршак, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Карағанды облысында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. Нұр-Сұлтан қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.