Полиция қызметкерлері 18 балалы отбасыға көмек көрсетті
Полиция қызметкерлері 18 балалы отбасыға көмек көрсетті
180
оқылды
Алматыда полиция қызметкерлері 18 балалы отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Біз біргеміз” республикалық науқаны аясында Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратты. “Полицияға мұқтаж отбасыларға көмек керектігі туралы хабарламалар мен қоңыраулар әлі де келіп түсуде. Полиция қызметкерлері тәулік бойы короновирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрғанына қарамастан, осы қиын кезеңде біздің бөлім қызметкерлері халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы отбасыларға азық-түлік таратады. Олар қажетті азық-түлікті 18 баласы бар отбасы мен жалғызбасты аналарға жеткізді. Көлікті біздің жеке құрамымыз қамтамасыз етті”, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.