Көкшетауда қос қарияны пәтерінде өлтіріп кетті
Көкшетауда қос қарияны пәтерінде өлтіріп кетті
© Сурет ғаламтордан
161
оқылды
Көкшетауда қос қария өз пәтерінде өлі күйінде табылды. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады7 Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз біреулер Есенберлин көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерге кіріп, үй иесі – 83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы жұбайын өлтіріп кеткен. Ерлі-зайыптылардың денесі бүгін, 30 сәуір күні таңертең табылған.
«Қазіргі кезде аталған ауыр қылмыстың бетін ашу бойынша Полиция департаменті жедел-іздестіру шарасын жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп түсіндірді  ПД баспасөз қызметіндегілер.