1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
© сурет интернеттен алынды
632
оқылды
Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні. Мейрам халықтар арасындағы интымақ пен татулықтың нышаны, ұлыстар мен ұлттардың бірлігін ұлықтайды. 130-дан астам ұлт пен ұлысты біріктірген киелі шаңырақта мереке жыл сайын жоғары деңгейде тойланатын. Жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылатын. Жұдырықтай жұмылған қарашаның қуана тойлайтын ұлан-асыр тойы еді. Бірақ биылғы жағдай өзгеше. Пандемияға байланысты бұқаралық іс-шараларға тыйым салынып, мереке жаңа форматта яғни онлайн түрде өткізіліп жатыр.