Алматылықтар елордаға жеткізілді
Алматылықтар елордаға жеткізілді
Фото: Интернеттен алынды
5,221
оқылды
Бүгін Алматыдан алғашқы рейс Нұр-Сұлтан әуежайына келіп қонды.  Ішкі әуе қатынасы әзірге Нұр-Сұлтан ‒ Алматы бағыты бойынша жұмыс істеп тұр. Бірнеше күннен кейін тағы бірқатар бағыт ашылады. Дегенмен жолаушылар ұшақ бортына коронавирус инфекциясын жұқтырмағаны туралы анықтамасы болған жағдайда ғана міне алады. Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында ұшақтар күніне үш рет ұшатын болады. 4 мамырдан бастап қазақстандықтар елорда мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қалаларына ұша алады. Еліміздің басқа қалаларында әзірге қатаң карантин режимі алынған жоқ.