Сардоба апатынан 10 ауылды су басты – Тоқаев
Сардоба апатынан 10 ауылды су басты – Тоқаев
Фото: Интернеттен алынды
216
оқылды
Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында 10 ауылды су басты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай деді. «Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде», – деп жазды Мемлекет басшысы.