Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтады – ОСК
Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтады – ОСК
Фото: Интернеттен алынды
221
оқылды
Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. «4 мамырда Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды» делінген комиссияның ресми хабарламасында.