Мақтааралға 20 тонна қайырымдылық көмек жөнелтілді
Мақтааралға 20 тонна қайырымдылық көмек жөнелтілді
Фото: Интернеттен алынды
231
оқылды
Солтүстікқазақстандықтар Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қолдау көрсетті. Гуманитарлық көмекті жинауға облыстық әкімдік, Nur Otan партиясы, мемлекеттік ұйымдар, «Солтүстік» ӘКК өкілдері, депутаттар мен кәсіпкерлер атсалысты. Шара барысында 20 тонна азық-түлік, оның ішінде 14 тонна ұн, 5 тонна картоп және 1 тонна макарон өнімдері аталан өңірге арнайы фурамен жіберілді. – Біз отандастарымызға әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз. Қиын сәтте қол үшін беру арқылы бір-юірімізге қорған бола аламыз. Мақтаарал ауданының эвакуацияланған тұрғындары үшін, азық-түлік жинау жедел ұйымдастырылды, – деп атап өтті СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.   [caption id="attachment_42906" align="alignnone" width="1280"]Мақтаарал, су тасқыны, апат, көмек, Фото: Интернеттен алынды[/caption] Қазіргі кезде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы штабпен тұрақты байланыс орнатылуда. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні Мақтарал ауданында 14 ауылдың 30 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Ал судың астында 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медициналық ғимарат және мәдениет үйі, 55 км жол мен көпір, 7 639 гектардан астам егістік жер қалды.