Алматыда маска таққан ер адамға іздеу жарияланды
Алматыда маска таққан ер адамға іздеу жарияланды
© Алматы ПД
147
оқылды
Алматыда маска таққан ер адамға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ер адамға ұрлық жасады деген күдік тағылған. Полициядағылар оның қашан, қалай және не ұрлағаны туралы хабарламады.
Құқық қорғау органдарында бейнебақылау камерасының видеолары бар. Полицейлер кадрдың скринін БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялады. Олар видеодағы адамның кім екенін анықтағысы келеді.
"Назар аударыңыз! Іздеу салынады! Алматы полициясы ұрлық жасаған адамның кім екенін анықтап жатыр. Осы адам туралы қандай да бір мәліметіңіз болса және оның қайда екенін білсеңіз, шұғыл 254-40-18; 254-43-66; 8-777-888-04-00; 8-708-222-06-39 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.