Жамбылдық нұротандықтар Мақтааралға 15 тонна тауар мен еріктілер жіберді    
Жамбылдық нұротандықтар Мақтааралға 15 тонна тауар мен еріктілер жіберді     
308
оқылды
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ даналағы. Бірлікті ту еткен  Nur Otan партиясы да бұл бағыттан ешқашан тайған емес. Бүгін партияның  Жамбыл облыстық филиалы «Жамбылдық нұротандықтар - Мақтааралдықтармен бірге!» ұранымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 15 тоннадан астам азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларларды жөнелтті. - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» партиясы оның ішінде Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдары бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде. Бүгін партияның Жамбыл облыстық, Тараз қалалық, аудандық филиалдарының белсенді мүшелері Түркістан облысына 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарлар жөнелтті. Сонымен қатар, Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалы Мақтаарал аудандары тұрғындарының сұраныстары бойынша «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға және балаларға арналған көпбейімді қоларбаны (инвалидная коляска) арнайы алдыртып, жолдады, - деп атап өтті партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев. Партия Тараз қалалық филиалының «Сенім», «Алау», «Агроспецстрой», «Өрлеу», «Тараз-Арена», «Нұр бастау» бастауыш партия ұйымдары мен «Вкусная корзинка» ЖШС, Байзақ ауданынан «Тараз май» ЖШС, «Рола» ЖШС, Жамбыл ауданынан «Аса Даму» ЖШС, партияның аудандық филиалы, партия Жуалы аудандық филиалынан «Жуалы газ», «Бауыржан Момышұлы», «Орталық», «Қарасаз», «Қайрат», «Шақпақата», «Күреңбел», «Қызыларық», «Нұрлыкент» бастауыш партия ұйымдары мен «Бурный сүт компаниясы» ЖШС, «LF» ЖШС, аудандық тұтынушылар одағы, партия Қордай аудандық филиалынан «Сортөбе», «Қарасу», «Сарыбұлақ», «Бәйтерек», «Степной», «Болашақ», «Қарасай», Алға ауылдық округі «Өтеген», «Қақпатас», «Қаракемер» бастауыш партия ұйымдары, аудандық мәслихат депутаты Қ.Қыпшақбаева, Қасық ауылдық округі, Меркі ауданынан «Қуаныш» сауда үйі, «Твори Добро Мерке» қайырымдылық қоры, Т.Рысқұлов ауданынан Мамырбаев Сәтжан, Қораласбаев Аралбек, Дәлібаев Серік есімді азаматтар, Талас ауданынан «Орталық», «Көріктендіру» бастауыш партия ұйымдары, Сарысу ауданынан «Байқадам», «Бірлік», «Аудандық мәдениет үйі», «Халық банкі», «Бүркітті», «Аудандық орталық аурухана», «арман», «Игілік», «Жайылма», «Түркістан», «Тоғызкент», «Досбол» бастауыш партия ұйымдары мен «Асыл тұз» ЖШС көп сақталатын пастерленген сүт, түрлі сүт және макорон өнімдері, балаларға бөтелкелер, жуынатын ыдыстар, темір және пластмасса шелектер, сүлгілер, тұрмыстық техника, гигиеналық заттар (балаларға және үлкендерге арналған гигиеналық жөргектер (памперс), иіс сабын, кір сабын, шампунь, кір жуғыш ұнтақ, тыс пастасы мен щеткасы, әйел кісілерге арналған гигиеналық заттар), балалар мен ересектерге, нәрестелерге арналған көктемдік, жаздық жаңа киім-кешектер, аяқ киімдер, ыдыс-аяқтар, азық-түліктерді арнайы камазға тиеп Түркістан облысының Мақтаарал ауданына жөнелтті.  Оның ішінде айта кетерлігі  «Тараз май» ЖШС 500 литір  сұйық май, «Рола7» ЖШС 1 тонна макарон өнімдерін, «Бурный сүт компаниясы» ЖШС 3 тонна пастерленген сүт, 300 келі  сары май және тағы басқалары түрлі өнімдермен, тұрмыстық техникаға қажетті заттармен көмек көрсетті. Сондай-ақ, 25 партия облыстық филиалы жанындағы  «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері заттарды жүк көлігіне тиеп, Мақтаарал ауданына алып кетті. Жасотандықтардан құралған еріктілер су тасқыны болған жерде көмек көрсетіп, халыққа жәрдемдесетін болады.   Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы