Елордада карантин ережесі жеңілдеуі мүмкін
Елордада карантин ережесі жеңілдеуі мүмкін
252
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева қалада­ғы карантин шарала­ры­ның қашан жұмсара­ты­нын айтты. Бірақ карантин талаптары жеңілдеу үшін де тұрғындардың белгілі бір шарттарды орындауы қажет. Санитарлық дәрігер еліміз­де төтенше жағдай алынып тас­талғанымен, қалада эпидемио­логиялық жағдайдың әлі күрделі күйінде қалғанын айтты. Сон­дықтан карантин шектеулерін жеңілдетудің де өзіндік талап­тары сақтала бермек. «Коро­на­вирус індетіне шалдыққандар мөлшері тәулігіне 7 пайыздан ас­пайтын мөлшер бір апта бойы сақталса, карантин шараларын же­ңілдету мүмкіндігі болады», – деді Жанна Пралиева. Оның сө­зіне қарағанда, 8 мамырға де­йін қалада індет жұқтырушылар мөлшері тәулігіне 10,8 пайыз мөлшерінде болған. Содан бергі бірнеше күнде бұл мөлшер 2,3-4,5 пайыз аралығында сақталып тұр. Егер жағдай шиеленіспесе, карантин ережелерін 16 ма­мыр­дан бастап жеңілдетуге бо­ла­тынын айтты бас санитарлық дәрігер.  

Аманкелді ҚҰРМЕТ