Баспана сатып алатындар азайды
Баспана сатып алатындар азайды
Фото: Интернеттен алынды
5,210
оқылды
Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 18 пайызға төмендеді. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 71 436 болды. «2020 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 5211 болды. Өткен аймен салыстырғанда 75,9 пайызға кеміді. 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 18,1 пайызға азайды» делінген комитеттің хабарламасында. Ведомство мәліметінше, тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің ең көбі Шығыс Қазақстан (615), Қарағанды (586), Қостанай облыстарында (455) және Алматы қаласында (455) жасалған. Бұл ретте өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда осы жылдың есепті кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 31,2 пайызға, Жамбыл облысында 27,2 пайызға, Түркістан облысында 23,5 пайызға құлдырағаны байқалады.