Шахмат турнирі өтті
Шахмат турнирі өтті
341
оқылды

Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірген тұлғалары қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесті. Кездесу кезінде партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталып, шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы сайлауалды штабының жетекшісі Н.Оразханов пен партияның құр­метті ардагері Н.Батюта кездесуден кейін пар­тияның жаңа мүшелеріне салтанатты түрде пар­тиялық билеттер тапсырды. Н.Оразханов­тың пікірінше, партияның жаңа мүшелері үшін өмірдің ерекше кезеңі басталады. Оларға пар­тияның үндейтін идеялары мен құндылықтарын ілгерілендіруді жалғастыру міндеті жүктеледі.

Билет табыстау рәсімінен кейін шахмат турнирі өтті. Турнирде қалалық комитеттің жас белсенділері қала ардагерлерімен сайысты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлауалды штаб «ҚКХП саламатты өмір салтын қолдайды» флешмобын ұйымдастырды. Жастар сарайы­ның жанында Ж.Ахметбековтің өкілдері мен партия белсенділері жиналды. Н.Оразханов қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан болашағы алдындағы азаматтар мен мемле­кеттің ортақ жауапкершілігі туралы тілге тиек етті. Үміткердің жұмыс сапары мен сайлау­шы­лармен өңірлердегі кездесулері туралы айтты.

Оның айтуынша, қатардағы азаматтар партияның жұмысына, оның идеялары мен ұстанымдарына қызығушылық танытып жатыр. «Қазақстан Коммунистік Халық пар­тиясы қарапайым халық мүддесін қорғауға басымдық беретінін мәлімдеді. Халық ком­му­нистері интернационализмнің, еуразияшылдық идеяның және XXI ғасырдағы ұлттың ерекше жолының жақтаушысы», – деді ол.

Бұдан кейін партия нышандары бей­не­ленген киім киген жастар кеңес жылдарын­дағы әуенмен жаттығулар жасады.


Айдана БЕГІМ