Қазақстанда барлық аймақтарға әуе қатынасы ашылатын күн нақты белгілі болды
Қазақстанда барлық аймақтарға әуе қатынасы ашылатын күн нақты белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
328
оқылды
Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келтіріледі.  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, еліміздің барлық әуежайлары жұмыс істей бастайды. Әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейді. «Ұшақтар Көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтай отырып, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, сенсорлы термометрмен дене қызуын өлшеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұшады және әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі» делінген хабарламада. Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, 25 мамырдан бастап барлық қалаларға әуе рейстері қайта ашылады.