Сенім кеңесі шынайы алаңға айналады
Сенім кеңесі шынайы алаңға айналады
279
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына партияның қазіргі жұмыстары, соның ішінде Nur Otan партиясының XVIII съезінің ше­шімдері мен «Игілік баршаға! Сабақ­тас­тық, әділдік, өрлеу» сайлауалды бағ­дарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдар Жоспары, сондай-ақ, партия Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі әлеуметтік жағ­дай­ды жақсарту және партия жо­ба­ларын одан әрі дамытуға байланысты тап­сырмаларының орындалуы туралы ақпарат берілді.

Қазақстан Президенті партияның барлық бағыттағы, соның ішінде, ха­лықтың әл-ауқатын арттыру бойынша сайлауалды бағдарламасының жүйелі әрі белсенді түрде атқарылуының маңыз­ды екенін атап өтті. Мемлекет бас­шысы қоғаммен конструктивті диа­лог орнатуда партияның алар орны ерек­ше екенін айтты.

– Қоғамдық сенім жөніндегі Ұлттық кеңес елімізді одан әрі дамытуға бағыт­талған түрлі пікірлер ашық айтылатын, ұсы­ныстар енгізілетін нақты шынайы диа­лог алаңы болуы тиіс. Кеңеске бар­лық мүдделі әрі жауапты саяси күш­тер, партиялар, үкіметтік емес ұйымдар жә­не басқа да белсенділер атсалысуы қа­жет, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан об­лысының Арыс қаласындағы әскери қой­мада болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге партияның барлық облыстардағы бөлімшелерінде гума­нитар­лық көмек жинау орталығының ұйым­дастырылғаны жөнінде хабар­лады.