Ақордадағы жылы жүздесу
Ақордадағы жылы жүздесу
265
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның тұңғыш президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті. – Біздің Монғолиямен ынтымақ­тас­­тығымыз жемісті дамып келеді, халықаралық ұйымдар аясында бір­лескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агроөнеркәсіптік кешен мен тау-кен өндірісі салала­рын­дағы жобаларды жүзеге асыру жөнінде елдеріміздің іскер топтарының өзара уағ­да­ластық­тары бар, – деді Мемлекет басшысы. Пунсалмаагийн Очирбат Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Прези­ден­ті лауа­зымына сайлануымен құт­тық­тап, оның қызметіне та­быс тіледі.