Қайырымдылық көрсетті
Қайырымдылық көрсетті
333
оқылды

Әскери қару-жарақ қойма­сының жарылысынан зардап шеккен ар­ыстықтарға Қазақ­стан­ның әр өңірінен қолдау көрсетілуде. Бұл ізгі істен парла­ментшілер де қалыс қалмады.

Мәжіліс депутаттары Арыс қаласы­ның тұрғындарына көмек қолын созу ретінде біркүндік жалақыларын ауда­ратын болады.

Палата спикері Нұрлан Нығматулин­нің төрағалық етуімен өткен Парламент Мә­жілісінің бюро отырысында «Түркіс­тан» әлеуметтік даму корпоративтік қо­рына біркүндік жалақыны аудару туралы қаулы қабылданды.

Қаражат Түркістан облысының Арыс қаласында болған төтенше оқиғаға бай­ланысты жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге арналады.

 

Елдос СЕНБАЙ