Жеңімпаздармен жүздесті
Жеңімпаздармен жүздесті
256
оқылды
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жасөспірімдер арасындағы джиу-джитсудан әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жас спортшыларымен кездесті. Кездесуге Қажымұқан Мұңайт­па­сов­ атындағы олимпиадалық резерві­нің республикалық мамандандырыл­ған мектеп-интернат колледжінің тәрбие­ленушілері қатысты. – Сіздердің жеңістеріңіз біз үшін әрдайым мақтаныш. Сіздерге үлкен алғыс білдіремін. Ойын алаңында сәт­тілікке жету арқылы өмірдің бар­лық салаларында табысты боласыз­дар деп сенемін. Себебі, спорт пен айна­лы­са отырып сіздер өздеріңізге мінез қа­лып­тастырасыздар, алға биік мақ­саттар қойып, соған жетуге ұмтыла­сыз­дар, – деді А. Райымқұлова. Сонымен бірге, министр №1 Алматы балалар үйінің тәрбие­ле­нушілері Анна Водолазова мен Любовь Темниковаға дарынды балаларға арналған спорт интернатына оқуға түсуге ұсынысын білдірді. Жас болса да, спорттағы жетістік­те­рі біршама жас жеткіншектер министр­ліктің ерекше қолдауына және олардың жетістіктеріне назар аудар­ғандары үшін алғысын білдіріп, бола­шақ жоспарлары туралы әңгіме­леп берді. Кездесу соңында министр жас спортшыларға спортты дамытуға қос­қан үлестері үшін алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыстады. Ақбота ӘЛІМ