Біртанов коронавирустың екінші толқыны басталып кеткенін айтты
Біртанов коронавирустың екінші толқыны басталып кеткенін айтты
© © Sputnik / Владислав Воднев
245
оқылды
Қазақстанда коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталып кеткен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.
"Қазақстанда бірінші толқын өтіп кеткен. Сәуір айында коронавирус инфекциясының шарықтау шегі болды. Одан кейін науқастардың саны төмендей бастады. Ал мамырдың ортасында тағы күрт көтерілді. Негізі Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны жүріп жатыр", - деді Біртанов бүгінгі онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, әлем бойынша бірде-бір мемлекет коронавирусты толығымен жоймаған. Вакцина шықпайынша, я болмаса, инфекцияның өзі әлсірмегенше екінші толқыны да, үшінші толқыны да келе береді.
"Коронавирустың келесі толқыны тұмаудың маусымдық эпидемиясымен бірге қазан айында болады деген болжам бар. Иә, дәл сол уақытта коронавирус инфекциясы күшейеді деп есептейміз", - дейді Біртанов.