Қола шәйнектің құпиясы
Қола шәйнектің құпиясы
фото: ашық дереккөз
5,276
оқылды
Қытайдың Хэнань провинциясындағы археологиялық қазба жұмыстар кезінде пішіні ерекше жасалған басы қазға ұқсаған қола шәйнек табылды, деп жазады kazakcnr.com сайты. Дерек көзінің мәліметінше, ежелгі қорымнан табылған өте әдемі пішіндегі қаз басты қола шәйнектің ішінде 3000 миллилитрден астам беймәлім сұйықтық сақталған екен.   [caption id="attachment_49359" align="alignnone" width="680"]қол шәйнек фото: ашық дереккөз[/caption] «Мамандар аталған ежелгі қабірді Цинь патшалығының соңы мен Хань патшалығының бастапқы кезеңіне тиеселі тарихи қорым деп тұжырымдаған (біздің заманымыздан бұрынғы 206 жыл). Қабірге сол кезде дәрежесі төмен болған ұлық жерленген деген пайым бар. Бұл жерден қаз басты қола шәйнектен басқа, қола тегене, темір семсер, қас тасынан жасалған семсер секілді бұйымдар табылды. Ал қаз басты шәйнектің ішінде сақталған беймәлім сарғыш қоңыр түсті сұйық заттың нақты құрамы мамандардың зерттеуіне ұсынылды», - делінген мақалада.