Біз елдігімізді тағы таныттық
Біз елдігімізді тағы таныттық
342
оқылды

«Арыстағы ағайынмен біз де бірге екенімізді айтқым келеді. Ке­шегі қайғылы оқиғада қаза бол­­ған азаматтардың туған-туыс­­тары мен жақындарына қайғы­рып көңіл айтамыз. Жа­рақат алған кісілердің тез са­уы­ғып ке­туін тілейміз. Біз тағы да елдігімізді таныттық, «Жұ­мыла кө­терген жүк жеңіл» демекші, осындай тосын оқи­ғада бір жұ­ды­рықтай жұмыла білетін бірлі­гімізді көр­сеттік. Арыстан уақыт­ша эвакуа­ция­ланған ағайынға Қазақ­стан­ның түкпір-түкпірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан аза­мат­тардың да саны артып жа­тыр», – деді Дәурен Абаев.

Осы орайда, министр Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, халыққа тиісті қолдау мен көмек көрсетілетінін айт­қанын еске салды. «Кешеден бері «Арыс, біз біргеміз» атты акция ұйым­дастырылып жатыр. Біз де арыс­тықтармен біргеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері де зардап шеккен қалаға көмек ретінде біркүндік жалақымызды аударамыз. Біздің министр­лікке қарасты ұйымдар да осындай қадам жасап жатыр екен. Бұл бастаманы қолдаймыз», – деді министр.