Роналду мен Неймар жұдырықтасты (видео)
Роналду мен Неймар жұдырықтасты (видео)
262
оқылды

Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Роналду мен ПСЖ футболшысы Неймар шаршы алаңда кездесті.

Олар португалиялық MEO компаниясының жарнамалық ролигі үшін рингте кездесіп, жұдырықтасқан. Яғни, ролик сюжеті бойынша олар бір-бірімен бокстасқан спортшылардың кейпіне енеді.

Биыл Роналду үшін табысты жыл болды. Ол «Ювентуспен» Италия чемпионатын және Суперкубокты, ал Португалия құрамасымен Ұлттар лигасын жеңіп алды. А сериясында 43 матчқа қатысып, 28 гол соқты, 10 нәтижелі пас берді.

Жарақаты жиі мазалаған Неймар да ПСЖ-мен екі трофей иеленді: Франция чемпионаты және Суперкубок. Париждік команда сапында 28 рет алаңға шыққан бразилиялық шабуылшы барлығы 23 гол салып, 13 рет нәтижелі пастың авторы атанған.