Әлемдегі ең танымал цирк – Cirque du Soleil банкротқа ұшырады
Әлемдегі ең танымал цирк – Cirque du Soleil банкротқа ұшырады
Фото: Интернеттен алынды
318
оқылды
Cirque du Soleil Entertainment Group компаниясының ресми сайтының хабарлауынша, бас кеңсесі Канаданың Монреаль қаласында орналасқан цирк 1 млрд АҚШ долларынан асатын қарызын жаба алмай отыр.
«Соңғы айларда коронавирус пандемиясына байланысты цирктің барлық шоулары жабылып, ешқандай табыс түспеді», – дейді Cirque du Soleil Entertainment Group басшысы Даниэль Ламарр.
CNN-нің мәліметінше, компания басшылығы соңғы 36 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан цирк пен оның қызметкерлерін сақтап қалу үшін барын салып жатыр. Цирк жабылып қалмау үшін қызметкерлердің 95% немесе 3,5 мың адам жұмыстан босатылмақ, – деп жазады «Қазақпарат». Қысқартылған қызметкерлерді қолдау үшін 15 млн доллар бөлінеді. Компания қызметкерлерді уақытша қысқартып отыр. Цирк шоу көрсету мен гастрольдік сапарларды бастағаннан кейін олардың басым бөлігі қайта жұмысқа қабылданады.