Қарсыластың соққысынан қорыққан өзбек боксшысы өзі беріле салды (видео)
Қарсыластың соққысынан қорыққан өзбек боксшысы өзі беріле салды (видео)
346
оқылды

Сегіз раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундта тәмам болды

Ресейде аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшылар ресейлік Арслан Яллыев пен өзбек Ғайбулло Қочқаров жұдырықтасып, жекпе-жек біріншісінің жеңісімен аяқталды.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундта тәмам болды. Яллыев үшінші раундта дәл соққысымен өзбек боксшысына дәл соққы бағыттайды. Видеоға анықтап қарасақ соққы Қочқаровтың мұрынына тиген. Тіпті сындырып жіберген де болуы мүмкін. Осыдан кейін өзбек боксшысы бірден өз бұрышына қарай барып, кездесуден бас тартады.

Осылайша, Арслан Яллыев кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ол осы уақытқа дейін бірде-бір мәрте жеңілмеген. Ал Ғайбулло Қочқаров болса карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырады. 

https://youtu.be/PQB8bbsiR7M