Заңгерлік көмек көрсетті
Заңгерлік көмек көрсетті
303
оқылды

Партияның облыстық филиалындағы жұмыс аптасы Түркістан облысының Мақтарал ауданынан басталды. Мұнда «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында азаматтарды көшпелі қабылдау өтті.

Кездесуден соң партияның Шардара аудандық филиалында отбасыларды қол­дайтын «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында психологтар мен заң­герлер кеңес берді. Іс-шаралар бары­сында азаматтар әлеуметтік қолдауға ие болса, әйелдерге несие беруде көмек көрсету мәселелері бойынша кеңес айтылып, құқықтық көмек көрсетілді.

– Бүгінде біз Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған қазақстан­дықтардың проблемаларын білуге бағытталған #Birge ұлттық акциясының қорытындысын шығардық. Осы уақыт ішінде аймақтың мыңдаған тұрғынының мәселесін шешуге көмектестік. Арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелері мен мобильді топтар жұмыс істеп, оған партияның жастар қанатының өкілдері де үлестерін қосты. Барлығы 2 мыңға жуық адам қабылданып, 50 мыңнан астам өтініш пен ұсыныс жиналды. Өтініштердің көп бөлігі Кентау және Арыс тұрғындарынан келді, – деді Nur Otan партиясы Түркістан об­лыс­тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Қалима Жантөреева.