Меморандумға қол қойды
Меморандумға қол қойды
380
оқылды
Шымкентте Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының Adilet group заң консультанттар палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумның мақсаты – аза­маттық қоғамның экономикалық, әлеу­меттік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, со­ны­мен қатар мәдени-ағарту, спорт-сауық­тыру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара барысында Шымкент қа­ласының Adilet group заң консультант­тар палатасының төрағасы Ілиясбек Жүнісов азаматтарға заң аясында кө­мек беру мәселесі туралы айтты.

– Біз Nur Otan партиясы Шымкент қа­лалық филиалымен бірлесе отырып заң және құқық бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз. Осы бағытта азаматтардың құқықтық мүд­десін дер кезінде қорғап, оларға қолдау біл­діруіміз керек. Заң консультанттар па­латасының тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен тұлғаларға, мүмкіндігі шек­теулі жандарға тегін кеңес береміз. Бұ­дан да басқа ұсыныстар болса, ме­морандум бойынша жұмыс жасауға дайын­быз, – деді ол.

Жиын соңында Қазақстанның «Сот жүйесі мен судьялардың мәр­те­бесі ту­ралы» Конституциялық заңы, «Адво­кат­тық қызмет және заң көмегі ту­ралы» заң, Азаматтық процестік ко­декс шең­берінде меморандум жа­састы.