Көшпелі қоғамдық қабылдау
Көшпелі қоғамдық қабылдау
331
оқылды

Nur Otan партиясы Атырау облысы Исатай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Халыққа көмек» жобасы аясында көшпелі қоғам­дық қабылдау өтті. Қабылдауға аудан әкімінің міндетін атқарушы Болатбек Сисатов, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Кездесу барысында аудандық әділет бас­­қармасы, халықты жұмыспен қамту ор­талығы, облыстық кәсіпкерлік пала­та­сының Исатай аудандық филиалы, ау­дандық кәсіпкерлік жә­не ауылшаруа­шы­лық бөлімдері, т.б. сала бас­шылары тұр­ғындардың көкейінде жүрген сауал­дарына жауап берді. Шара халыққа қол­­да­ныстағы заң шеңберінде құқық­тық көмек беру мақсатында жүзеге асы­­­рылды.

– Қабылдауға келген тұрғындарға өз­дерінің кө­кейтесті сұрақтарына қол­даныстағы заңдар ая­сында жауап бері­ліп, құқықтық көмек көр­сетілді. Тұр­ғын­дар мәселесінің басым көпшілігі атау­лы әлеуметтік көмектің қандай от­басыларға тиетіндігі, жұмысқа орналасу, тұр­­ғын үйді ке­зек­сіз алу жайы болды, – дейді аудандық фи­лиал төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы.

Атаулы әлеуметтік көмектен айы­рыл­ған тұр­ғынның сұрағына аудандық жұмыспен қам­ту, әлеуметтік бағдарла­ма­лар және хал актілерін тіркеу бөлімі­нің басшысы Рашид Мұқанов жауап берді. Ол өз кезегінде қаржылай кө­мек­тің кімге қалай тағайындалатынын, қан­дай жағ­дайда тоқтатылатынын, қай­та алу жолдарын то­лық түсіндірді. Жаңа кәсіп ашу туралы, оған бе­рілетін көмек түрлері мен жеңілдіктер жө­нінде сұра­ған Аман Меңдіғазиев қабылдау ба­­ры­сында сауалдарына толық жауап алды.