Ядролық қарусыз әлем үшін Назарбаев сыйлығы табысталады
Ядролық қарусыз әлем үшін Назарбаев сыйлығы табысталады
5,209
оқылды

29 тамыз Нұр-Сұлтанда ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы табысталады. Дәл сол күні Семей ядролық полигоны жабылған еді. Бұл дата ресми түрде ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық күн болып бекітілді.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жүлдені табыстау ресми түрде 29 тамызда елордада өтетінін хабарлады. Іс-шараға құрметті шетелдік қонақтар, дипломатиялық корпус, парламент және үкімет мүшелері қатысады. Сыйлық алғаш рет 2016 жылы табысталған еді. Сыйлықтың алғашқы лауреаты – Иордания королі ІІ Абдолла.

СІМ өкілінің сөзінше Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат аймақтардың кеңесін шақыру туралы антиядролық бастамасын іске асыру аясында Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасымен 28-29 тамызда ядролық қарудан азат аймақ арасындағы консультациялық тетіктерді дамыту аясында кездесулер өтеді.

Іс-шараға ядролық қарусыз әлем құруға ұмытлған мемлекет өкілдері қатысады.