Қ.Тоқаев: Үкімет еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыруды пысықтауы тиіс
Қ.Тоқаев: Үкімет еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыруды пысықтауы тиіс
208
оқылды

Үкімет еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін пысықтау тиіс. Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.

«Кен өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың табысы артқанымен азаматтарымыздың жалақысы айтарлықтай өспегенін көріп отырмыз. Халықтың әлеуметтік жағдайы туралы айтылып отырғандықтан Үкімет бұл мәселеге қатысты табандылық танытуы керек. Үкіметке еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін  пысықтауды тапсырамын», – деді Президент.

Айта кетейік, елордада өткен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады.