Робот «Федор» ғарыштан оралды
Робот «Федор» ғарыштан оралды
202
оқылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған робот «Федор» орбитада 12 күн жұмыс істеп, аман-есен Жерге қонды.

Бортында робот «Федор» Skybot F-850 бар «Союз МС-14» ғарыш кемесінің аппараты Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтықта Нұр-Сұлтан уақытымен 03 сағат 32 минутта қонды. 

Роскосмос баспасөз қызметі хабарлағандай, «Союз МС-14» ғарыш кемесінің жерге қонуы және орбитадағы жұмысы бойынша барлық операция штаттық режімде өткен. 

Еске салайық, «Союз-МС» көліктік кемесі бар «Союз-2.1а» жаңа зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылдың 22 тамызында ұшырылды. Бұл соңғы 30 жылдағы экипажсыз басқарылатын ғарыш кемесінің алғашқы ұшырылымы. Борттағы жалғыз ғарышкер тек адам пішіндес «Федор» роботы ғана.