Өрісі кең әулет
Өрісі кең әулет
323
оқылды

Атырау облысында тұратын Тілекқабыловтар отбасы шағын әмбебап автобусқа ие болды. Олар «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысты. Аудан ішінен іріктеліп, облыстық кезеңге өтті. Кезекті кезеңде 16 отбасының арасынан топ жарып, Нұр-Сұлтан қаласындағы қорытынды сынға жолдама алды.

«Мерейлі отбасы» ұлт­тық байқауы Елбасы Жар­лы­ғымен 2013 жылдан бері өте­ді. Байқауға еліміздің 16 аймағынан қатысушылар келеді. Шымкент мегаполис статусына ие болған соң, биыл жобаға 17 өңір қатысты. Жыл сайын байқауға 1 500-ден астам өтінім түседі. Аудан-қала­дан іріктелген отбасы облысқа өтіп, облыстан өт­кен­дер­ді ақтық мәре күтеді.

«Қазақстан» орталық кон­церт залындағы марапаттау рә­­сіміне Премьер-ми­нистр­­дің орынбасары Бер­ді­­­бек Сапарбаев, Сенат депу­таттары мен зиялы қа­уым өкіл­дері қа­тысты. Пре­зи­дент­тің ме­рей­­­лі отба­сыларға ар­наған құт­тықтау хатын Бер­ді­бек Сапарбаев оқып берді.

«Халқымыздың ұлттық және отбасылық дәстүрге бе­ріктігі қоғамдағы руха­ни құндылықтардың сақ­­та­­луына ықпал етеді. Бұл мем­­лекеттік іс-шара – Қа­зақ­станның әлеуметтік сая­са­тының маңызды бөлі­гі. Елі­­мізде жыл сайын ха­лық­тың өмір сүру жағдайын, тұр­мыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды ше­шім­дер қабылдануда. Елбасы бастамасымен мерекелер күнтізбесіне Отбасы күні мейрамы енгізілді. Ырыс-берекесі мен ынтымағы жа­рас­қан мәуелі әулеттерді наси­хаттайтын «Мерейлі от­басы» ұлттық байқауын өткізу дәстүрге айналды. Бұл шара сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық-әдет ғұ­рыптың, салт-дәс­түр­дің жаңғыруына, отбасы инс­ти­тутының нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша мән беріп, өнегелі әулеттердің өрісін нығайтуға ықпал етеді. Бұл конкурсқа қатысушылардың барлығын жеңімпаз деп ай­ту­ға болады. Өйткені осы кон­курсқа қатысқан әр­бір от­басы мерейлі» деп жа­зыл­ған Президент құттық­та­уында.

«Қазақстан»  орталық кон­церт залындағы марапаттау рә­­сіміне Премьер-ми­нистр­­дің орынбасары Бер­ді­­­бек Сапарбаев, Сенат депу­таттары мен зиялы қа­уым өкіл­дері қа­тысты. Пре­зи­дент­тің ме­рей­­­лі отба­сыларға  ар­наған құт­тықтау хатын Бер­ді­бек Сапарбаев оқып берді.


«Мерейлі отбасын» анық­тау үшін ел тұрғындары SMS-пен және интернет арқы­лы да­уыс берген. Дауыс беру нә­­­тижесі бойынша аты­рау­лық Тілекқабыловтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық кон­кур­сының лауреаты» атанды. Отбасына сый ретінде «Сары­­ар­қаАвтоПром» ЖШС шы­­ғарған шағын автобус кіл­ті табысталды. Сонымен қа­тар әр өңірден келген от­ба­­сыға диплом және түрлі тұр­­мыстық техника сыйға бе­ріл­ді.

– Біз өте бақытты жан­ұя­­мыз. Ұстаздар шыққан әу­лет­піз. Атырау облысы Есбол ауылынан келдік. Үйде 83 жас­тағы анамыз бар. Барлығы – сол кісінің арқасы. Анамыз «Ал­тын алқа» иегері, өзім де көп­­балалы анамын. «Ұстаз ұлт­­ты тәрбиелейді» дейді. Ұлт­пен қатар отба­сы­ның ұйыт­қысы болуға ты­ры­са­мыз. Байқаудағы жеңіске ұл-қызымызды жақсыға үйретіп, елінің еңсесін көтерер ұрпақ ретінде тәрбиелегеніміз сеп болды, – дейді Нарни Тілек­­қаб­ылова.


Айбике  ЖАНАСЫЛ