Тоқаев қытайлық телеарнаға сұхбат берді
Тоқаев қытайлық телеарнаға сұхбат берді
292
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді.

Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі", - деп жазады Уәли өзінің Facebook парақшасында.


Мұрат Жалғас