Интернеті жоқ  елді мекендер қалай дауыс береді?
Интернеті жоқ  елді мекендер қалай дауыс береді?
171
оқылды
Ақмола облысында «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға 786 өтініш келіп түскен. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг кезінде партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов баяндады. 786 өтініштің 160-ын бастауыш партия ұйымдары ұсынған, 626-і  – өзін-өзі ұсынғандар. 318-і әйел болса, 235 адам – 35 жасқа дейінгі жастар, 21 көпбалалы ана мен 12 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен онлайн форматта өткізген кездесу барысында Ғалым Бекмағамбетов праймеризге партияның құндылықтарын бөлісетін, бағдарламалық құжаттарын қолдайтын, партия қатарына қосылуға дайын азаматтар қатыса алатынын жеткізді. Бүгінде Ақмола облысының барлық аумағында праймериз тәртібі бойынша өтініштер қабылданып, құжаттарды тіркеу жүріп жатыр. Әр кандидат аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі мәслихатқа әрі Парламент Мәжілісіне өтініш білдіре алады. Ақмола облысы бойынша онлайн дауыс беру кезінде 40 мыңнан астам партия мүшесі қатысады деп күтілуде. 248 дауыс беру учаскесі дайындалған. Өңірдегі интернеті жоқ  7 елді мекенде дауыс беру дәстүрлі түрде қағаз бюллетені арқылы жүргізіледі.