Әдемі қартая білген абыз адам еді
Әдемі қартая білген абыз адам еді
461
оқылды

Әбілфайыз Ыдырысовпен қоштасу

Қазымыр емес, қазына қарт болып, әдемі қартая білу де бір бақыт. Әбілфайыз аға Ыды­рысов қайтыс болды деген қай­ғылы ха­барды естігенде ме­нің көз ал­ды­ма Ай мен Күн­дей үнсіз сәуле шашып, әдемі қартайған бітімі бөлек бекзат азаматтың тұғыры биік тұлғасы келді, ойыма оның жас­қа да, жасамысқа да үлгі-өне­ге­лі өмір жолы оралды.

Әбілфайыз Ыдырысовтың көп шәкірттерінің бірімін. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінде көп жыл студенттерге журналистика сала­сы­нан дәріс оқып, ұлағатты ұстаз болған ол кісілік пен кіші­ліктің үздік үлгісі еді. Қуаныш келсе тасымайтын, қайғы келсе жасы­май­тын тағдырдың сынын да, сыйын да сабырмен қарсы ала­тын. Көп жыл арбаға таны­лып жатқанда да ерекше ғашық бо­лып қосылған өзгеше жары Заря өмірден озғанда да, іштей мүжілсе де сары алтындай са­быр­лық таны­тып еді.

Әбілфайыз Ыдырысов қа­зақ әдебиетіне мол олжа сал­ған талантты қаламгер бола­тын. Өзгесін айтпағанда, «Тән­­­­шол­пан» трилогиясы Әбіл­файыз Ыдырысовтың ғана емес, қабырғалы қазақ әде­бие­тінің үлкен олжасы деп баға­лан­ды.

Қазақстанда ғана емес, алыс-жа­қын шетелдерде де кеңі­­нен танымал, аса білікті, ас­қан парасатты екі мәрте елі­міз­дің Сыртқы істер министрі бол­ған, бүгінде Қазақстанның Ұлы­британиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін абройымен атқарып жүрген Ерлан Ыды­ры­сов – текті әкеге тартып туған, те­рең ойлы, парасатты азамат.

«Жаратқанның пендесіне бер­ген үлкен сыйы – оның ар­тын­да қалған жақсы аты, мейі­рім­ділігі мен қайырым­дылығы» демеп пе еді, Сағди?

Соңында ел айта жүрер жақсы атың, ізгілікті ізің қалса, Алла Та­­ға­ла аманатқа берген аз өмірді ақ­тағаның.

Тал бесіктен тар бесікке жол тартқан нағыз адам, абыз адам Әбіл­файыз Ыдырысов енді аңыз адамға айналып барады...

 

Сәбит ДОСАНОВ,
Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты