Арыста құрылысы аяқталмаған қанша нысан бар?

Арыста құрылысы аяқталмаған қанша нысан бар?

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қатысты ақпараттық жиын өткізді, - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға барлық облыс бойынша Арыс қаласында жүргізіліп жатқан жұмысқа жауаптылар, облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік мамандары қатысты. Басқосуда сөз алған құрылысшылар кедергі келтіріп жатқан бірқатар кемшіліктің басын ашқан.

«Жалпы 7500-ден астам үйдің арасында санаулы үй иелері сараптау қорытындысымен келіспей отыр. Олар күрделі жөндеудің орнына үйлерін түгел сүріп тастап, қайта салуды талап етуде»,– деді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов.

Оның айтуынша, бұл мәселелер жақында шешемін таппақ. Жалпы, Арыс қаласындағы құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі кезде толықтай сүріп тастап,жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылысы тәулік бойы тынымсыз жүріп жатыр. Облыс әкімі Ө.Шөкеев барлық сектор жауаптыларына құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімін белгіленген кесте бойынша,толық аяқтап өткізуді тапсырды.

Арыс қаласында жөндеуді қажет ететін – 7 163 жеке және көпқабатты үйлердің 7 154-нің құрылысы аяқталып, ішкі әрлеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қаланы қалпына келтіру жұмыстарына 126 құрылыс компаниясы, 4 мыңға жуық жұмысшы, 200-ден астам арнайы техника тартылған.