500-ден аса адамды қабылдады
500-ден аса адамды қабылдады
282
оқылды

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия ұйым­дарының жұмысын жандандырып, халықпен кері бай­ланысты күшейтуді тапсырғаны белгілі. Қазіргі кезде пар­тия­ның барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жаң­ғырып, өзекті мәселелер оң шешімін табуда. Атап айтқанда, республикалық қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтар орталық атқарушы органдардың басшыларымен және Мәжіліс депутаттарымен күн сайын кездесу өткізіп тұрады.

Партияның қоғамдық қа­был­дауы – халықтың түрлі мәсе­ле­лерін мүдделі мемлекеттік орган­дардың бірлесуімен шешуге және олардың мүдделерін қорғауға ар­налған алаң болғандықтан, мұнда азаматтар көтерген кез келген мәселе егжей-тегжейлі қарастырылады.

Мемлекет басшысының сай­лауалды бағдарламасы бағыт­тарының бірі – экологиялық ахуал­ды жақсарту. Осы мәселе бойынша партияға азаматтар әр­түрлі идеяларымен және жоба­ла­рымен жиі хабарласады. Осыған орай Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев азаматтарды арнайы қабылдады. Ол бейнебайланыс арқылы әр өңірден келген алты азаматты тың­дады. Сұрақтардың дені экологияға қатысты болды.

Алматы облысының тұрғыны Асқарбек Макин еліміздің ең ірі мегаполисіндегі қоқысты тазарту бойынша өзінің жобасын ұсынды. Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев Асқарбек Макиннің Жамбыл облысында қоқыс өңдейтін зауыт салу идеясына қолдау білдірді. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Бақтыгерей Бекенғалиев бірнеше жыл бойы Казталов ауданының елдімекендерін сумен жабдықтаудың шешілмеген мәселесі туралы айтса, Маңғыстау облысынан байланысқа шыққан Орынбасар Тоқжанов аймақтағы уран өнеркәсібінің қалдықтарын кәдеге жарату керегін ерекше атап өтті. Атыраулық ардагер эколог Қали Әубәкеров жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы өзгертудің орындылығы туралы пікірін ортаға салып, осы мәселе бойынша алдағы уақытта бірнеше ұсыныс жолдайтынын жеткізді. Ал Қызылорда облысының тұрғыны Жұмабек Қосдауыров Жаңақорған ауданындағы ауыз­судың жеткіліксіздігін әңгімесіне арқау етті.

– Әр мәселе мұқият қарасты­ры­лады. Азаматтардың барлық мәселесін тыңдап, олармен же­те танысып отырмыз. Министр­ліктің күн тәртібінде олар ерек­ше бақылауда. Біз олардың әрқай­сысын шешуге тырысамыз және сол бағытта жұмыс істейміз, – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Бұл ретте, экологиялық жағ­дай­ды жақсарту партияның Сай­лауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі екенін айта кеткен жөн.

Елбасы – Nur Otan партия­сының Төрағасы Н.Назарбаевтың Nur Otan партиясының Сая­си кеңесінің кеңейтілген отыры­сында берген қоғамдық қабыл­дау­лардың жұмысын күшейту туралы тапсырмасын іске асы­ру мақсатында партияның Респуб­ликалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аза­маттарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Ауыл шаруашылығы министр­лігінің басшысына Нұр-Сұлтан, БҚО, ОҚО, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола облыстарынан 12 азамат келді. Олар жер қатынастары, мал шаруашылығы, мемлекеттік қол­дау шаралары мәселелері бойын­ша сұрақтарына жауап алды. Қабылдауда жеке шаруа қо­жа­лықтарының басшыларының әрекеттеріне шағымдар, сон­дай-ақ «Агробизнес-2020» бағдар­ла­масына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар да айтылды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесі Мемлекет бас­шы­сының сайлауалды бағдарла­масының және «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасының басым ба­ғыт­тарының бірі екенін атап өт­кен жөн. Республикалық қоғам­дық қабылдау консультанты Бауыр­жан Қасабеков тілшілерге бер­ген сұхбатында Nur Otan пар­тия­сы адамды өзінің басты құн­дылығы, оның қадір-қасиеті мен құқығы, әл-ауқаты мен заңды мүдделері деп санайтынын айтты.

– Елбасы – Nur Otan пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның таяудағы Саяси кеңесінің кеңейтілген оты­рысында қоғамдық қабыл­дау­лардың жұмысын күшейту ту­ра­лы тапсырма берген бола­тын. Қазіргі кезде осы мақ­сат­­­та нәтижелі жұмыстар ат­қа­ры­­луда. Біздің міндетіміз – аза­маттардың мәсе­ле­лерін атқару­шы және құ­­қық қорғау органдарының қаты­суы­мен шешуге көмектесу. Сондықтан Республикалық қоғамдық қабылдауда тұрғындар көтерген кез келген мәселе жан-жақты қарастырылады, – дейді Республикалық қоғам­дық қабыл­дау консультанты Бауыржан Қасабеков.

Кездесуде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров тұр­ғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, барлығына жауап берді.

– Nur Otan партиясы адамды, оның беделі мен құқықтарын, игілігі мен заңды мүдделерін басты құндылық деп есептейді. Партияның бүкіл іс-әрекеті ха­лық­тың мүддесін қорғауға бағыт­талған. Осы орайда, партия аза­мат­тардың әрбір өтінішінің толықтай қаралуына бақылауды қамтамасыз етіп келеді, – дейді С.Омаров.

Айта кетейік, 2019 жылдың басында-ақ 143 мың адам ха­бар­ласты. Өткен жылы осындай уақытта 140 мың адам хабарласқан болатын. Өтініштердің орташа алғанда 40%-дан астамы оң ше­шімін табуда.

Тек биыл 8 ай ішінде 47 қа­былдау өткізілді. Яғни, 14 ми­нистр 500-ден аса адамды қа­был­дады.

Мысалы, таяуда ғана 30 адам хабарласты. Партияның өті­ні­ші бойынша Жоғарғы соттың өкілдері олардың әрқайсысын жеке мәселелерімен қабылдады. Қазіргі кезде Жоғарғы соттың тө­ра­ғасы Ж.Асанов осы сұрақ­тардың бар­лығын жеке бақылауына алды.