Арыстың қалыпты өмірі басталды
Арыстың қалыпты өмірі басталды
253
оқылды

Арыс қалыпты өмірге орал­ды. Тұрғындар бола­шақ­қа сеніммен қарай бастаған.

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы Арыстың бү­гінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақ­сатында арнайы ақпараттық тур ұйым­дастырды. Төтенше жағ­­дай­дан кейінгі 81 күнде қала то­лық­­тай өзгеріп, жасара, жай­най түс­­кен. Жарылыстан зақым кел­ген ғи­мараттар толық жөндеуден өткен.

И.Журба атындағы орта мек­теп – төтенше жағдай кезінде қатты зардап шеккен әлеуметтік нысандардың бірі. Қазіргі таң­да аталған ғимарат күрделі жөн­­деу­ден өтіп, оқушыларға бі­лім беру­де. Жаңа заманға сай безен­ді­ріл­­ген нысанға демеушілер робо­то­тех­ни­ка кабинетін сыйға тарт­қан. Ұр­пақ тәрбиесіне бей­жай қара­май­тын мектеп дирек­торы Әбдісаттар Жүнісов мектепте Абай бұрышын ашқан. Білім ордасының снаряд түсіп, зақымданған стадионы да бүгінде жаңа кейіпке енді. Спорттық құ­рал-жабдықпен қамтамасыз етіл­ген стадион мен спорт залы да оқу­шыларға ерекше тарту болды. Мұнан бөлек, биология-химия, информатика, физика және т.б. арнайы кабинеттері бар үш қабатты ғимараттың іші ерекше.

113 баланы аман алып қалған Гауһар Уәлиханова басқаратын «Алтын Тұмар» балабақшасы да күрделі жөндеуден өтіп, 1-6 жас аралығындағы бөбектерді тәрбиелеуде. Бұл нысанның да іші-сыртын жөндеген «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры кішкентай сәбилердің ойын алаңына сапалы құрал-жабдық сыйлаған.

– Басты мақсатымыз – сә­­билерді құтқару еді. Өзім­ді ер­лік жасадым деп ойла­май­мын. Ұжым­дағы 27 қыз­мет­кер өз от­­­ба­­сын емес, ба­ла­бақшадағы сә­би­­­лердің аман­дығын ой­ла­­ды, – дейді Пре­зи­ден қолынан «Ерлігі үшін» меда­лін алған бала­бақша мең­геру­шісі.

Айта кетейік, Арыста 66 әлеу­меттік нысан болса, соның 62-і жөн­деуден өтіп, 4 нысан толықтай қайта салынған.