«Пайда көрейін деген ойым жоқ» – зейнеткер үйінен музей ашты
«Пайда көрейін деген ойым жоқ» – зейнеткер үйінен музей ашты
Фото: Интернеттен алынды
215
оқылды
70 жастағы атыраулық Ғалымжан Мұқашевтың өз үйінен ашқан музейі бүгінде өткен дәуірді көз алдыңа әкелетін таңғажайып орынға айналған. Зейнеткердің жеке қорындағы 100-ден астам жәдігердің көбі – ретро стильдегі бұйымдар. Ғалымжан қария көздің жауын алатын бұл ғажайып дүниелерді жас кезінен жинай бастаған. Уақыт өте хоббиі шағын музейдің ашылуына түрткі болған. Бұл жерде телевизор мен радио-қабылдағыш, сағат пен музыкалық аспаптың бірнеше түрі бар. Ескі фотоаппараттарды да кездестіруге болады. Бәрі қаз-қалпында сақталған. Жүздеген мұрағаттың ішіндегі ең құнды жәдігер – анасының көзін көрген ұршық.
Коллекционер Ғалымжан Мұқашев: «Айналдырған кезде жүн ширатылады. Жіп домаланып жиналады. Анамның көзі ғой деп әкеліп қойдым. Немерелерім бар. Соларға мұра болып қалсын деген ниетім бар. Музей ашып, одан пайда көрейін деген ойым жоқ. Тәрбиелік мәні бар деп есептеймін», – деді.