Қ.Тоқаев кадрлық ауыс-түйістерге байланысты пікір білдірді
Қ.Тоқаев кадрлық ауыс-түйістерге байланысты пікір білдірді
210
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Президенттің Twitter парақшасында жарияланды.

«Тәжірибелі мемлекеттік қызметші Қырымбек Көшербаев Марат Тәжиннің орнына Мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет ісіне сіңірген еңбегі үшін Марат Тәжинге алғыс айтамын. Оның білімі мен білігі еліміздің игілігіне қызмет ете береді», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Ол сондай-ақ, басқа да ауыс-түйістерге қатысты пікір білдірді.

«Б.Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына ауыстырылды. Ол СІМ өкілеттігінің кеңеюіне байланысты министрліктің құрылымын қайта құру бойынша пайдалы жұмыс атқарды. Табысты еңбек жолынан өткен Р.Скляр Премьер-министрдің орынбарасы болып тағайындалды»,– деді Президент.