«Қарапайым жұрттың қолы жерге жетпей отыр» – Президент арзан несие, субсидия, кадр тапшылығын айтты
«Қарапайым жұрттың қолы жерге жетпей отыр» – Президент арзан несие, субсидия, кадр тапшылығын айтты
Фото: Интернеттен алынды
336
оқылды
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы орын алуда. «Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берілгені жөн. Қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс», – деді Мемлекет басшысы. Вертикалды кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған тиімді. «Жеке шаруашылығы миллиондаған ауыл тұрғынына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабын құруға жұмылдыру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.