Қазақстан бақытты елдер тізімінде Ресей мен Қырғызстанды басып озды
Қазақстан бақытты елдер тізімінде Ресей мен Қырғызстанды басып озды
244
оқылды

Әлемдегі ең бақытты елдер анықталды. Тізімде Финляндия көш бастады. Бақытты елдер қатарынан Қазақстан 156 мемлекеттің ішінен 60 орынға жайғасты (Гондурас пен Боливияның ортасында).

2018 жылы да Финляндия тұрғындары ең бақытты саналған еді. Мұндай мәліметті World Happiness Report ұсынды. Бұл әлем елдеріндегі бақыт көрсеткішін анықтайтын халықаралық зерттеу жобасы. Бақытты бестік қатарына Дания, Норвегия, Исландия мен Нидерланды енді.

Қазақстан Гондурас пен Боливияның ортасында 60 орынға тұрақтады. Ал Ресей болса 68 орынға жайғасса, Беларусь – 81, Қырғызстан – 86, Армения – 116 орында.

Ең бақытсыз тұрғындар Оңтүстік Судан, Ауғанстан мен Орталық Африка елдерінде тұрады.

Рейтинг халықтың әл-ауқатының жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандықтарының болуы, қауіпсіздік пен болашаққа деген сенім, отбасындағы тұрақтылық, жұмыстағы қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлық деңгейі, сондай-ақ қоғам жағдайының жанама көрсеткіштері сияқты әл-ауқат көрсеткіштерін ескереді. Бұдан өзге тұрғындардың өздерінен де қаншалықты бақытты екендері сауалнама үлгісінде сұралады.