Илья Ильин тағы да жаңа қызметке тағайындалды
Илья Ильин тағы да жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
277
оқылды
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында: «Бүгін жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Қазақстандағы спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратын болдым. Одақтың филиалы ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген», – деп жазды.
Еске сала кетейік, 2016 жылы Илья Ильин допинг дауына байланысты 2008 және 2012 жылы Олимпиада ойындарында алған екі алтын медалінен айырылған еді. Ол 2018 жылы спортқа қайта оралғанымен, денсаулығына байланысты спорттағы карьерасын аяқтады.